Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушысы ауылдарға мүшеқап сататын терминалдар орнатуды ұсынды

Үйленуге дейін жыныстық қатынасқа түскен ұят және болмайды, бірақ түсік жасату, аяғы ауыр болып қалу, ұрыс-керіс пен төбелес және өзіне қол жұмсау бар, деп жазады Фейсбук желісінің қолданушысы Айгерім Болат.

Желі қолданушысы ауылдарға мүшеқап сататын терминалдар орнатуды ұсынды

Желі қолданушысының айтуынша, ауылды жерлерде секс жоқ дегенімен балалар туылады. Таныс құрбысының басынан өткірген оқиғасын жазған Айгерімді көпшілік қолдады.

«Менің құрбымның ауылында төрт көше ғана және бәрі бірін-бірі таниды. Олардың жігіті екеуінің қарым-қатынасы туралы да барлығы біледі. Ауылда дәріхана жоқ, тек екі дүкен ғана. Ол дүкендерден мүшеқап алатын болсаң, ол туралы бүкіл ауыл білетін болады. Сондықтан қыздың жігіті үлкен ауданға барғанда мүшепқапты сол жақтан алады екен. Тіпті қыстың кездері мүшеқап тапқаған қыз бен жігітке қорғану үшін пакет қолдануға тура келген», – деп естіген оқиғасымен бөліскен.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамда қалыптасқан «ұятты» ұстанғандар артынша үлкен дауға ілігіп жататынын айтады.

«Үйленгенге дейін жыныстық қатынас ұят болмағанымен, түсік жасату, аяғы ауыр болып қалу, өзіне қол жұмсау дегендер бар», – дейді Айгерім.

Туындаған мәселені шешу үшін мүшеқап сататын терминалдар орнатуын сұраған қазақстандық бұның 21 ғасырда қалыпты жағдай болу керектігін атап өткен.

«Неге мүшеқап сататын терминалдар орнатпасқа. 21 ғасырда пакет қолданған деген күлкілі емес. Әсіресе ауылды жерлерге керек деп ойлаймын. Өйткені қанша «ұят» десек те үйленгенге дейін бәрі де жыныстық қатынасқа түседі. Әрі осындай тыныш сұмдық орын алып жатқанда түсік жасату, ұрыс-керістер бітпейді. Бұның ең қорқыныштысы – өзіне қол жұмсауға итермелейді», – дейді желі қолданушысы.

Жазбаны оқыған қолданушылар жыныстық қатынас кезіндегі қорғанудың басқа да түрлі амалдарын бар екенін жазуда.

Олар «Ауылды жерлерге мүмкін поштамен сұраным жіберіп отырса қалай? Қазіргі таңда пошталар жақсы жұмыс істеуде», «Қостанай облысында ЖИТС ауруын жұқтырғандар саны көбейген. Сондықтан  мектептер мен университеттерге терминалдар орнату қажет», «Ауылдағы жас қыз бен жігіттерге арналған жыныстық қатынасқа байланысты тренингтер өткізу керек. Сол жерде оларға мүшеқап таратып беруге де болады. Өйткені жыныстық қатынас бұрын да болған және болады да» деп пікір қалдыруда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау