Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушыларын тәнті қылған шымкенттік жүргізушілердің оқиғалары (видео)

Қазіргі ақпарат пен технология дамыған заманда желіде жұлдыз болу, қолданушыларды тәнті қылу оңай емес. Назарларыңызға көпшілікке тез таралып, көп қаралған видеоларды жариялауды жөн көрдік.

Безымянный

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Жүргізуші, көлігіңізге қайтыңыз» деген атпен желіде жарияланған бұл видеода ер адам адымдап келе жатыр, бір кезде тез арада жолдың шетіне шығып кетеді. Полицей көлігі видеода көрінбейді. Алайда, видеодан «Жүргізуші, көлігіңізге қайтыңыз» деген дауыс естіледі. Оны естіген жүргізуші жүгіріп келіп, көлігіне отырыды. Мұны көргендер шынайы өмірде осылай болғанына күмін келтірмейді. Алайда, бұл әдейілеп түсірілген видео.

Әдетте барлық жүргізушілер жол берген көлік жүргізушілеріне алғысын білдіріп атады. Ал, мына видеода жүргізуші рахмет айтудың ерекше түрін тапқан сияқты.

Бұл видеодағы жүргізуші үйленіп жатқан жастарды алдына шығып камераға түсіргісі келгенге ұқсайды. Ол той кортежі кезінде көлікті артқы жағымен кері айдаған. Кейіннен апатты жағдайда жүргені үшін жүргізуші ұсталып, айыппұл да төлеген еді.

Ғаламтор қолданушыларын әсіресе осы оқиғаға таң қалдырды. Видеода той кортежі кезінде «Лада Приора» көлігімен 031 мемлекеттік нөмірлі бірнеше көліктердің тізбектеліп жүргенін көуге болады. Кейіннен бұл көліктер де айып тұрағына жеткізіліп, шара қолданылған.

Бұл видеодан бұрынғы «Жигули» көлігіне трактордың дөңгелектерін салып алып, көшеде кетіп бара жатқанын көруге болады.  Көлікті өзге жүргізушілер видеоға түсіріп алған. Ерекше көлік желі қолданушылардың езуіне күлкі ұялатты.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттің той кортежінде көлікті кері айдаған жүргізуші кешірім сұрады (видео)

Шымкентте қымбат көлікті той кортежінің тайраңы жұрттың наразылығын туғызды

Талқылау