Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары жартастан құлаған қыздың әрекетін айтып таласты (видео)

Биік жартастан құлап бара жатқан қыз видеосы YouTube желісі қолданушылары арасында ұрыс туғызды.

Безымянный

Бейне Viral Videos1 арнасында жарияланған болатын. Бес күн ішінде бұл бейнені тамашалағандар саны үш миллионға жетті. Онда биік жартастан секіруге ниеттенген қыз соңғы сәтте райынан қайтып, жанында отырған жас жігіттің аяғынан ұстап қалмақшы болған. Жас жігіт қыздың қолын кері қайтарып, оның құздан құлауына жол берді.

Пікір қалдырған YouTube желісінің қолданушылары екіге бөлінді. Көрермендердің бірі жас жігітті жүрексіздігі үшін сынаса, екіншілері оның әрекетін дұрыс деп бағалады. Олардың пікірінше, жігіт аяғын тартып қалмаған жағдайда қызбен бірге жардан құлайтын еді. «Оны өзімен бірге құлата жаздады… неткен сұмпайы қыз», – деп пікірін білдірді желі қолданушысы.

Аталмыш бейне американдық фотограф Джей Альварез түсірген (Jay Alvarrez) видеоның үзіндісі болып табылады. Аталмыш фотограф желіде көптеген экстремалды роликтерімен танымал.

Талқылау