Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Сәбина Алтынбекованы қатты таңқалдырды

Желі қолданушылары Сәбина Алтынбекованың “Өмірдің мәні неде?” деген сұрағына жауап беріп спортшы қызды қатты таңқалдырды.

5874

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Алтынбекова желі қолданушыларынан “Өмірдің мәні неде?” деп сұрап, қойылған сауалға өзі де жауап беретіндігін айтқан.

Бірі “Менің бар бақытым сенің ойындарыңды бақылау” десе, екіншісі “Әркім бақыт ұғымын түрліше түсінеді. Кей адам мұны байлыққа балайды. Алайда мен үшін жақын адамдарымның саулығы бақыт болмақ” деп жауап қайырған. Бұдан өзге де түрлі мазмұндағы жауаптар бар.

“Өмірдің мәні неде?” деген сұрағыма берілген жауаптарды оқып отырып қатты таңқалдым. Бұл сұрақты өзім өмірдің мәнін таппай жүрген соң қоймадым. Бар болғаны жауаптарыңызды оқыған соң сіздердің кім екендеріңізді, өмірлік ұстанымдарыңыз бен құндылықтарыңыздың қандай екенін білгім келді” деп барлық жауаптың дұрыс екенін атап өтті.

щд

1524

“Маған осы секілді сұрақты жиі қоятын. Қандай жағдай болмасын менің жауабым біреу: “Бұл өмірді адам деген атқа лайық сүру!” Адам деген атқа лайық сөзінің астарында барлық жақсы және жаман істер жатыр. Біз ақиқатты, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білеміз. Ең бастысы, мынау жалғанда осыны бір сәтке болсын естен шығармау. Жақындарымызға қамқор болып, игі істер жасап, Жаратқанға әр күніміз үшін алғыс айтайық!” деп жанкүйерлерін қанағат етуге шақырды.

45874

47847

“Бақытты болу – әрқайсымыздың жеке таңдауымыз. Сіз әр сағатыңызды бағалап, өміріңізде жарқын сәттердің көп болуына жағдай жасайсыз немесе ешнәрсеге көңіліңіз толмай сын айтумен боласыз. Мен өз таңдауымды жасадым, шексіз бақыттымын деп сенімді түрде айта аламын. Әр сәтіңізді бағалаңыз. Қолда бардың қадірін білсеңіз, дұрыс таңдау жасайсыз” дейді спортшы.

6598

Талдырмаш сымбатымен, үнемі күлімсіреп тұратын жарқын жүзімен спортшы қыздың көп жігіттің жүрегін жаулағаны сөзсіз. Дәл қазір Алтынбекова болашақта еліміздің намысын қорғап, өзінің тәжірибесімен отандастарымен бөлісу үшін шетелде жаттығып жатыр.

еп

нре

Жақын күндердің бірінде жеке өмірі туралы мүлдем айтпайтын бойжеткен сыйға алған жүзігін көрсетіп, жігіттерге қыздарды осылай еш себепсіз қуантып тұруға кеңес берген-ді.

Талқылау