Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Рано Омарованың іші білініп қалғанын айтты

Әнші әрі актриса Рано Омарова көпшіліктің назарына ілікті. Жұрт оның аяғы ауыр екен деп ойлап жатыр.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Үнемі денеге жабысып тұратын киімдерді таңдайтын ару “Сәбина келін 2” фильмінің жабық көрсетіліміне кең көйлек киіп келген. Мұнымен қатар, қаншалықты ыстық болса да, Омарова сырт киімін шешпеген. Бұл байқала бастаған ішін жасыру әрекеті болса керек-ті.

зж

Желі қолданушылары актрисаның жабық көрсетілімдегі суретін көріп, аяғының ауыр екенін жарыса жазып жатыр.

Ақпан айының басында сырға салынған актриса аяғының ауыр немесе ауыр еместігі жайлы тіс жармады. Сүйіктісін де халыққа көрсеткен жоқ. Әзірге мерекелік кештерге жалғыз өзі барып жүр. Бұл ақпараттың қаншалықты рас екені де белгісіз.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Рано Омароваға сырға салынғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау