Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары “Қазақ аруы-2016” жеңімпазына құда түсуге таласып жатыр

“Қазақ аруы-2016” байқауы жеңімпазының Абай өлеңдерін оқып тұрған сәті бейнеленген видео желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сайыстан кейін орысша сұрақ қойған журналистердің барлығына дерлік ана тілінде жауап қайтарып, жұртты осы қылығымен тәнті еткен-ді. Енді желі қолданушылары еліміздің ең сұлу аруының бірі Әлмира Ахатованың Абай өлеңдерін жатқа айтып тұрған сәтін көріп, тағы да жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Тіпті арасында құда түскісі келетіндер де бар.

Журналист Айдос Жұқанұлы “Қай жігіттің бағы екен?! Тіл-көз тимесін, аман бол! “Мінсіз” деген осы қыз болар” десе, желі қолданушыларының бірі “Осы қызға құда түссем, балама алып берсем, қалың малымды аямайтын едім!” деп пікір білдіріпті.

Бұдан өзге қыз қауымының өзі “Сұңқылдамай, жасандылықсыз әсерлі оқиды. Жарайсың, қазақ аруы!”, “Тіл-көзден сақтап, бағың ашылсын!” деп Әлмира Ахатоваға ақ тілектерін жаудырды.

Естеріңізге сала кетсек, “Қазақ аруы-2016” тек ана тілінде сөйлегені үшін көпшілікке бірден ұнап қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау