Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исабекованы тыңдармандары желіден кетіп, қайта келгені үшін тағы сынады

Осы уақытқа дейін Исабекованың сырт келбетіне жиі өзгеріс енгізетінін қатаң сынаған желі қолданушылары әншімен қайта қауышты. Бірақ бұл жолы қолданушылар арасында одан кетпеуін өтініп, жақсы көретіндіктерін айтқандар да болды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қолданушылардың бірі “Қайтып келетініңіз бар, кетем деп сыйыңызды жоғалтпауыңыз керек еді” десе, екіншісі “Сені қатты сағындық, енді ешқайда кетпеші” деп әншіні қандай жағдай болмасын жақсы көретіндіктерін жасырмады.

Естеріңізде болса, осыған дейін әншінінің тыңдармандарының сынына балағаттап  жауап қайтарғаны туралы жазған болатынбыз. Ол өз парақшасында алдымен шомылу киіміндегі видеоны жариялап, “қазақтың қызына тән емес, ұят қайда” деген сөздерді өзі жазған. Бұл осы әрекетінен кейін тыңдармандарының өзін қалай сынайтынын алдын ала болжағанымен байланысты болса керек.

0

Осыдан кейін әнші әлеуметтік желіден алыстаған еді. Алайда бүгін жариялаған суретіне қарап, әншінің әлеуметтік желідегі өмірін жылдам сағынып үлгергенін байқаймыз.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін тыңдармандарының әншіге іздеу салғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау