Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары әлемде ешкімге пайдасы жоқ мамандықты анықтады

Желі қолданушылары Олимпиада ойындары кезінде жүзу спортының шеберлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құтқарушыны әжуалады. Құтқарушы әйелдің жарыс кезіндегі жұмысын ешкімге пайдасыз деп атаған желі қолданушылары. Бұл туралы  The Independent жазды.

құтқарушы11111

Рио-де-Жанеродағы құтқарушы әйелді New York Times басылымының журналисі  Даг Миллс түсіріп алған. Ол жүзу спортының шеберлеріне әйелдің еш керегі жоғын да жазған. Міне осыдан бастап желі қолданушыларының назары құтқарушыға ауа бастады.

Желі қолданушысының бірі былай жазған: «Өзіңізді ешкімге керексіз сезініп кетсеңіз, есіңізге Олимпиада ойыны кезінде жүзу спортының шеберлерін құтқармақшы болған әйелді алыңыз»

Тағы бір желі қолданушысы құтқарушының жұмысына орай өз ойын былай жеткізді: «Олимпиада ойындарында құтқарушы болу  Сан-Диегода метеоролог болып жұмыс істегенмен тең. Себебі онда үнемі ауа райы ашық»

 

Талқылау