Желі қолданушылары қозғалған сушиді көріп шошыды (видео)

Жапонияның оңтүстігіндегі Осака префектурасындағы суши-барға келушілер тәрелкедегі тағамның қозғалғанын көріп таңданды.

Даяршы тағамды әкелгенде, күріштің үстінде жатқан теңіз өнімдері қозғалған. Бұл туралы Mirror басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Олар бұл тағамды «ики хоккигай» деп атады. «Хоккигай» теңіз балығы дегенді білдірсе, ал «ики» тағам мейрамханаға жеткізілген тірі теңіз өнімдерінен дайындалған дегенді білдіреді.

Желі қолданушылары теңіз балығы қосылған бұл тағамды дұрыс әзірленбеген деп отыр.

Автор түсірген видео Твиттерде үш миллионнан астам көрермен жинаған.

Сондай-ақ, Жапонияда тағамдағы жәндіктердің қозғалатыны алғаш кездесіп тұрған жоқ. Алғашында сегізаяқ қозғалыссыз болғанымен, үстінен тұздық құйып дәм татайын дегенде ол таяқшаларын қозғалта бастайды.

Шындығында тағамдағы сегізаяқ жеуге жарамды. Тек үстіне тұздық құйғанда, натрий химиялық реакцияға түседі. Ол теңіз өнімдерінің жүйке жасушаларын оятып, олардың қозғалуына себеп болады.

Жіберіп алмаңыз:

«Англия Аруы» әскерде көрген қорлығы жайлы айтты

Әйел қайтыс болған ұлының ұрығын пайдаланып, әже атанды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

Биыл трансгендерлер алғаш рет қажылыққа бармақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар