Қымбаттап кеткен дәрілердің арзан түрін желі арқылы ұсыну көбейіп кеткен

Бейсенбі, 28 Қаңтар , 2016 13:34

Қазақстандықтарға қымбат дәрілерді желі арқылы арзан бағада ұсыну көбейіп кеткен. Соңғы аптада мыңнан аса тұрғын WhatsApp желісі арқылы осы сарында хат алған. Ондағы интернет дәріхана қызметкерлері бағасы бірнеше есеге қымбаттап кеткен дәріні арзан бағада ұсынады.

дари

Бұл туралы STAN.KZ  31 арнаға сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Көпшілік расымен де соңғы айларда 5 есеге қымбаттап кеткен дәрінің бағасына алаңдап отыр. 7500 теңгенің орнына 187 теңгенің дәрісі. Дәріханадағы соңғы шыққан қымбат дәріні алғанша, арзан әрі тексеруден өткен есікі тәсілді ұсынамыз дейді хатта. Дәл осындай кеңестер айтылып келіп сатылымдағы нақты дәрілер  және олардың бағалары жазылады. Соңына таман өздерінің арзан бағадағы нұсқаларын көрсетеді.

Панадол (1600 теңге) – Парацетамол (50 теңге)
Нурофен (980 теңге) – Ибупрофен (50 теңге)
Мезим (1950 теңге) – Панкреатин (245 теңге)

Мысалға, суспензиядағы панадол 1600 теңге ал Қазақстанда жасалған парацетамол 30-55 теңге аралығында. Екеуінің құрамындағы әсер еткіш зат біреу. Ол- парацетамол.

Қыркүйек айынан бері дәрілердің барлығы 2 еседен бастап 5 есеге дейін қымбаттап кеткен. Әсіресе бұрын арзан болғандары. Сондықтан науқастар дәрігерлерді тек қымбат дәрілерді жазып береді деп айыптайтын көрінеді.

«Мұндай мәселелерді, дәріні арнайы талқылаудан өткізу нормативтік-құқықтық актіде жоқ. Оны жақында қабылдаймыз деген. Қабылдаса бір шешім айтылады»,-дейді Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин

Дәрігерлер болса науқасқа дәріні өз қалаулары бойынша емес, дерті мен оны емдеуге қатысты қабылданған ішкі заңға бағынамыз дейді. Оның өзі министрліктің тапсырмасымен қабылданады екен. Ал ем алу жолын науқастың өзі таңдайды.

“Дәрігер алдымен науқасқа әсер беретін өнімді жазып беруі керек. Жазылған дәрілерді алу немесе алмау ол науқастың еркінде”,-дейді  № 1 аурухананың гастроэнтеролог дәрігері Индира Жанәділова.

Дәріхана қызхметкерлері келген адамның  көпшілігі арзан дәрі сұрайтынын жасырмайды. Ал оны ұсыну ұсынбайу дәріханашының ұятына қарай.

Дәріханашылардың өздері жекеменшік дәріханада қымбатын сатып, ақша айналымын өсіру керек екенін жасырмайды. Ал мемлекеттік дәріханадағылар халықтың қалтасына қарай арзанын ұсынамыз дейді.

Арзан бағадағы дәрі-дірмектердің көпшілігі пайдасыз екеніне қолданып көргендер мен дәрігерлер де көз жеткізген. Ал ең тиімдісі, дертті дәрі ішуге жеткізбестен табиғи таза тағамдарды қолданып алдын алу.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар