Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекпе-жектен соң сұхбат бермек болған Сауль Альварес құлап қалды (видео)

Сауль Альварестің жекпе-жектен соң құлап қалған сәті желіге тарап кетті. Желі қолданушылары оның шаршап қалғанын айтуда.

Сауль Альварес

Желіде тараған видеодан “Канелоның” құлап қалғаны байқалады. Журналистер жекпе-жектен соң чемпионнан сұхбат алмақ болды.

Альварес бір сәт есінен танғандай болды. Алайда бойын тез жинап, қайта түрегелді. Желі қолданушылары оның шаршап қалғанын айтуда. Жекпе-жектің әділ өтпегенін айтып айыптағандар да бар.

“Альварес соққыға шыдай алмай шаршап қалды”, “Тағы допинг қолданбады ма екен”, “Геннадий бәрібір мықты, ол бәрібір чемпион”, деп жазды желіде.

Айта кетейік, кеше Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау