Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке заттарын тастап кеткен: Оралда студент қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Оралда колледждің 4-курсында оқитын Гүлдана Тұржанова жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Әдетте өзімен алып жүретін жеке заттарын үйде қалдырған бойжеткен белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

Жеке заттарын тастап кеткен: Оралда студент қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бойжеткеннің анасының айтуынша, сол күні кешке олар бірге кешкі ас ішіп, ұйқыға жатқан, деп хабарлайды «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Таңертең тұрғанда Гүлдананың үйде жоқ екенін байқадым. Әдетте ол өзімен алып жүретін құжаттары, ақша, сөмекесі, бәрі бөлмесінде қалған. Құдды 5 минутқа шығып кетіп, жоғалып кеткен сияқты», – дейді жоғалып кеткен студент қыздың анасы.

Жақындарының сөзінше, отбасында ұрыс-керіс болмаған. Педагогикалық колледждің 4-курсында оқитын Гүлдана бұған дейін отбасына ескертпестен үйінен кетіп көрмеген екен. Ол 1-15 қараша аралы,ында Зачаганскідегі №30 мектепте тәжірибеден жақсы өтіпті.

«Гүлдананы көргендерден немесе ол туралы ақпарат білетіндерден бізге көмектесуін сұраймыз», – дейді Гүлдананың анасы.

Гүлдана Тұржанова туралы қандай да бір мәліметке ие адамдардан 102 немесе 8 777 569 10 88 (анасының телефон нөмірі) нөмірлеріне хабарласуы сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау