Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем шақыртқан зейнеткердің үйіне жерлеу қызметінің көлігі келген

14 ақпан күні Ресейдің Саратов облысының денсаулық сақтау министрі Владимир Шульдяков 92 жастағы Нина Мирославовадан кешірім сұрау үшін оның үйіне келді.

Безымянный

«Бұл – сорақылық, – деп атап өтті Владимир Шульдяков. – Орын алған жағдай үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймын, себебі бұл миға қонымсыз оқиға. Зейнеткердің жағдайы туралы жерлеу агенттігіне хабар берген адам жұмыс жасамайтын болады. Бұлай жасауға болмайды».

Денсаулық министрі келеңсіз жағдайды өз бақылауына алатынын айтқан.

Министр атап өткендей, бұл оқиғаны Саратов облыстық губернаторы Валерий Радаев өз бақылауына алған. Одан бөлек, бұл істі прокуратура да тексеруде. Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні кешкісін Александр Иванов денсаулығы сыр берген әжесі Нина Мирославоваға жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, үйлеріне жедел жәрдем машинасының емес, жерлеу қызметінің көлігі келген.

Жіберіп алмаңыз:

“Кірпіш Nokia” қайтадан шығарылатын болды

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Смартфонды тышқанмен басқарған метро жолаушысы жұртты таңғалдырды

Талқылау