Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел-жәрдем шақырарда нені білуіңіз керек?

Әлеуметтік желілерде Денис Теннің өлімі қызу талқылануда. Біреулерді “неге оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізбеді?” деген сұрақ мазаласа, екіншілері “неге Денисті дәрігерлер аман алып қала алмады?” деп шулауда. Бұл оқиға көбіне сабақ болары анық.

Жедел-жәрдем шақырарда нені білуіңіз қажет?

Бұл орайда ІІД өкілдері ұрлықшының үстінен түскенде қандай әрекетке бармау туралы ақпарат таратса, ендігі инстаграм желісіне жедел жәрдем қызметкерлері мұндай оқиға орын алып жатқан жағдайда біле жүретін ұсыныстармен бөлісуде.

Жедел-жәрдем шақырған адам келесі келесі нұсқауларды орындауға міндетті:

– Шақырту кезінде медбике мен келген жедел-жәрдем бригадасының барлық сұрақтарына жауап беру;

– Шақыртып отырған жердің мекен жайын айту (елді мекен, қала ауданы, көше, үй мен пәтер нөмері, кіреберіс нөмерін және сыртқы есіктің кодын айту). Егер сыртқаттанушының нақты мекен-жайы белгісіз болса, келер жолды нұсқап айту керек;

– Сырқаттанушының аты-жөнін, жынысын, жасын (мұндай ақпаратты білмесеңіз оның жынысы мен шамамен жасын) айту керек;

– Науқастың шағымдарын, ауру белгілерін айту;

– Байланыс телефонын хабарлау;

– Сондай-ақ, жедел көмек көрсетуге қажетті басқа да ақпаратты беру.

Нақты әрі толық жауаптар жедел-жәрдем бригадасының науқасқа немесе жәбірленушіге тез келуіне көмек береді.

Жедел-жәрдем жеткен соң оны шақырған адам келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

1. Мүмкіндігінше жедел-жәрдем қызметкерлерімен науқасты жолықтыру;

2. Медициналық көмек беруге кедергі келтіретін және жедел-жәрдем қызметкерлерінің денсаулығы мен заттарына зақым келтіретін үй жануарларын шеттеу;

3. Науқасқа керекті көмек көрсету мақсатында жедел-жәрдем бригадасына кедергісіз мүмкіндік беру;

4. Жедел-жәрдем бригадасына науқастың құжаттарын ұсыну;

5. Науқасты жедел-жәрдем көлігіне жеткізуге көмек беру.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау