Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем өлім аузында жатқан балаға “өздерінің территорияларында болмағандықтан” барудан бас тартқан

Пензада өлім аузында жатқан сәбиге бригада жіберуден бас тартқан жедел жәрдем мәселесі қаралып жатыр.

Бұл туралы gubdaily.ru басылымы хабарлайды.

12 қазан күні Пензада жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан ағайынды оқушыларды қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына бес минуттық жерде орналасқан аурухананың жедел жәрдемі келуден бас тартқан. Тіпті, олар оқиға куәгерін тыңдаудан бас тартқан.

Нәтижесінде бала оқиға орнында көз жұмған. Аталған фактіге сәйкес дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер куәгердің айтқандары расталса, жедел жәрдем қызметкерлерінің үстінен іс қозғалмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Зейнеткер ауырып жатқан кемпірін “азаптан құтқару үшін” өлтірген

Семейде бойжеткен екі автокөліктің ортасына қысылып қалды

Семей тұрғыны өз үйінің жертөлесінен екі мәйіт тауып алды

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Талқылау