Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем көлігімен демалысқа шыққан Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды (видео)

Жедел жәрдем көлігімен демалған Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды. Арнайы көлікпен табиғат аясына шыққан дәрігерлерді сот кінәсіз деп тауып отыр. Олар 11 тамыздан бастап қызметтеріне қайта тұрды.

dalanews-sariagash-840x420-768x384

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, аталған ауданындағы бір топ дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына барып, демалған еді. Сол жерде суретке түскен.

Нәтижесінде мемлекет мүлкін басқа мақсатқа пайдалануға жол берген деген айыппен екі адам жұмыстан қуылды. Олар аға фельдшер Әбдіжаппар Досмұханбетов пен гараж меңгерушісі Болат Налыбаев болатын. Қазіргі таңда бұл қызметкерлер соттың шешімімен кінәсіз деп табылып, жұмыстарын қайта жалғастыруда.

Талқылау