Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем дәрігерлері бронежилет кию туралы ойлана бастады

Жедел жәрдем дәрігерлері бронежилет кию туралы ойлана бастады. Бұл ой әсіресе Ақтөбедегі терактіден соң қайта мазалай бастаған. Ол кезде де ақ халатты абзал жандар өмірлерін тәуекелге тіккен болатын.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматылықтар дүйсенбі күнгі қырғынның әсерінен енді-енді арылып келеді. Көп адам шудың ортасында жүріп мән бермеуі де мүмкін, бірақ, ол жерде де адам жанына арашашы болған жандарды ешкім елемеді. Жедел жәрдем дәрігерлері өз міндеттерін бұл жолғы қиын сәтте де адал орындап шықты.

Реаниматолог-дәрігер Бақтыгүл Дәненова сол күні кезекшілікке түскен. Дәл оның бригадасы алғашқы қан төгілген Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне келген. Бұл кезде дәрігерлер оқиғаның қаншалықты кең масштабта екенін түсіне де қоймаған болатын. Осыдан соң барып олар террорлық қауіптің қызыл кезеңі туралы хабардар болған. Бұл күнді Дәненова қанды қырғынды ұйымдастырған Руслан Күлекбаевтың өзін Сызғанов клиникасынан бастап емдеп тергеу изоляторына алып келген. Жол бойы тек үнсіздік болыпты.

“Бірінші ұлым телефон шалып: “Қалың қалай мама? Абай болыңыз” деді. Әрине, содан соң аздап қорқынышты болды, бірақ бұл біздің жұмысымыз. Біз өз жұмысымызды істедік”, – дейді жедел медициналық көмек станциясының реаниматолог-дәрігері Бақтыгүл Дәненова.

Тағы бір дәрігер Злата Еременко да сол күні кезекшілікке түскен. Сағат 11.00 шамасында атыс хабарланып, жедел шақыру түседі. Алайда оқиға орынына жеткен дәрігерлер жараланғандарды таппаған. Алмалы аудандық полиция бөлімшесінде тәжірибеден өтіп жүрген жас жігіт аздаған жарақат алып, жақын маңдағы мектепке барып көмек алып үлгеріпті.

“Біз келген кезде, ол бірден салонға кіріп, сол жерде шықпай тұра тұру керек деп ескертті. Салонға кірген соң: “Бұл жерден тез кетіп қалыңыздар, болмаса ер адам Калашников автоматымен тұр” деді. Бұл өте қауіпті жағдай болды”, – дейді жедел медициналық көмек станциясының дәрігері Злата Еременко.

Дәл осындай режимде сол күні бүкіл жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасады. Тіпті кейбірі қанға боялып қалған киімдерін де ауыстырып үлгере алмады. Бір оқиға орынына екіншісіне жедел түрде аттанып кеткендер де көп болды. Станция басшылығы өз әріптестері үшін қатты алаңдағанын айтады. Әйтсе де қорқыныштарын, дәрігерлік міндеттері жеңген.

“Мен де бригадада жұмыс істеп көргенмін, сол себепті дәрігерлер үшін алаңдаймын. Бір жерде атыс болып жатса, сен сол жерде жұмыс істеп жүрсең бұл әркез жайсыз жағдай. Бірақ, бұл біздің жұмысымыз”, – дейді жедел медициналық көмек станциясы басшысының орынбасары Александ Лазарев.

Қандай жағдайға да қарамастан дәрігерлер әрқашан өз істеріне адал болып қала бермек. Олар мұндай қауіп кезінде бірінші рет жұмыс атқарып отырған жоқ. Дәрігерлер мұндай сәттерде қорғаныс кеудешесін киіп алсақ та артық болмас еді дейді. Мұндай әңгіме Ақтөбе оқиғасы кезінде де туған болатын. Бірақ, әзірге жалпы қоғамдық талқылауға шықпады.

Қаншама адамның өмірін қиған күдікті туралы бұған дейін оныңкеліншегі, мұғалімі және енесі түсініктеме берген еді.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Салдарынан 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы дапайда болды.

Талқылау