Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазылмас дертпен ауырған атақты британ музыканты Дэвид Боуи өмірден озды

Танымал британ музыканты Дэвид Боуи 69 жасында өмірден өтті. Ол бір жарым жылдан бері күресіп келген қатері ісік ауруынан кейін өз үйінде көз жұмды.

David-Bowie1David-Bowie1

Бұл туралы Дэвид Боуидің Facebook парақшасында жарияланды.

Боуидің баспасөз хатшысы Sky News телеарнасына берген сұхбатында осы ақпаратты растады.

Дэвид Боуи шығармашылық мансабын 1960 жылдары бастап, 1972 жылы The Rise and Fall of Ziggy Stardust and the Spiders from Mars композициялық альбомы британдық хит-парад көшбасышларының қатарына ілінді. Ол әр  жылдары Джон Леннон, Брайон Ино сынры рок-музыка шеберлерімен жұмыс істеді. Альбомдары миллиондаған тиражбен әлем елдеріне сатылды. 2000 жылы композитор NME журналының пайымдауынша, жүз жылдың ең таңдаулы музыканты болды. Сондай-ақ, ол «100 британдық танымал тұлғалар» тізімінде 29-орынды иеленді. 2003 жылы Боуи батыр атағымен марапатталған еді, алайда бұл атақтан өзі бас тартты.

Талқылау