Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы Аслан Мусиннің қайтыс болған ұлына арнап кітап жазды

Ақтөбелік Жазушы Мәди Райымов ҚР Преиздент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусинге арнап кітап жазды. Қазақстандағы құраншылардың лидері саналған Асылбек Мусин өткен жылдың желтоқсан айында Латвия астанасы Ригада 15-қабаттан секіріп мерт болған еді. Қылмыс белгілері болмағандықтан, полиция істі жапқан.

Асылбек Мусин

Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәди Райымовтың сөзінше, бірнеше жақыны мен досы радикалдық діни ағымның жетегінде кеткен.

«Мен ол адамдармен бала күнімнен араластым. Ендігі олар үшін мен кәпірмін. Сондықтан менің «Джихад поневоле» аталатын жаңа романым радикалдық ағым мәселесі жақын достар мен таныстардың қарым-қатынасы арқылы көрсетіледі.

Өз танысыммен болған оқиға әлі есімде. Оның бизнесі құрдымға кеткеннен кейін радикалдық ағымның жетегінде кетті. Анасы қайтыс болғанда садақа кезінде ол барлық туысын қуып шықты. Асқа арналған ет, бауырсақ тәрізді тағамдар тұрған дастарханды лақтырып жіберді… Радикалдық ағымды ұстанатындар біздің дәстүрімізді теріске шығарады. Онда мұның бәрі ақырындап басталды. Басында еттің халал не халал емес екенін біліп алмайынша тамақ жемейтін», – дейді жазушы.

Қаламгердің сөзінше, оның романының бас кейіпкері Талғатта да барлығы осылайша басталған.

«Талғат – жиынтық образ. Оның прототипі бірнешеу. Мен ол арқылы мына мәселенің жауабын іздеуге тырыстым: қалайша ақылды, жоғары білімі бар адамның миындағының бәрін өшіріп тастап, миына жаңа дүниелерді «жазып», еркі жоқ жаратылысқа айналдыруға болады? Адамның радикалды ағымның жетегінде кетуіне не әсер етеді және бұдан қалай арылуға болады? Өз кітабыма материал жинаған кезде адамдардың сенімді дінмен шатастыратыны туралы тұжырымға келдім. Менің ойымша, сенім – рухани дүние. Ал дін – бұл жай ғана зат. Біз дін туралы айтқанда, діни фанаттар олардың сеніміне, Құдайына, пайғамбарларына тиісіп жатқандай көреді. Адамды дін емес, сенім қайырымды етеді. Бұл әділеттілікке, махаббатқа, сыйластық пен ғажайыпқа деген сенім…», – дейді Райымов.

Өз сөзінде Мәди Райымов аталған романын жазу үшін бірнеше жыл жұмсаған. Радикалдық ағым өкілдерімен тығыз араласып, олармен пікірталас жүргізген.

Ал діни тақырыптағы кітабын Асылбек Мусинге арнаған жазушы марқұмның дінді ғылым тұрғысынан қарастырғанын және діни фанат болмағанын айтты.

«Ол бұрын Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болған кезде, мен көмекшісі болдым. Жұмыс бабымен тығыз араластық. Ол мені адам ретінде қызықтырды. Дінге ғылыми тұрғыдан, фанатизмсіз қарайтын. Ол өте білімді, көп оқыған адам еді. Сонымен қатар оны тиісінше бағаламады және дұрыс түсінбеді. Романның бас кейіпкерінің кей тұстары сол кісіден алынды. Талғат өзінің ізденгіштігімен және өзін-өзі талдауымен Асылбекке ұсайды», – дейді Мәди Райымов.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы желтоқсанның 22-сінен 23-іне ауған түні Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Латвияда 15-қабаттан секіріп көз жұмғанеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау