Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы Әбіш Кекілбаев өмірден озды

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден өтті.

кекилбаев
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан).Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

“Халқымыз аса ауыр қайғыға душар болды. Әбіш Кекілбаев өмірден өтті. Саналы адамға бұл қазаның салмағын саралап жату артық. Әр қазаққа, барша отандастарымызға көңіл айтамыз”, – делінген басылымның сайтында.

Талқылау