Жазира Жаппарқұл Олимпиада жүлдесі үшін алған ақшасын сіңілісінің еміне жұмсамақ (видео)

Жексенбі, 28 Тамыз , 2016 9:01

Ауыр атлетикадан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл өзіне тиесілі қаржының барлығын сіңілісінің еміне жұмсамақ. 11 жастағы Альфия есімді ару церебралды сал ауруымен ауырады екен.

image_l

Бұл туралы today.kz  хабарлайды.

Рио төрінде күміс медальді иемденген арудың жақындарымен телефон арқылы тілдескен сәті осыдан біраз күн бұрын ғаламтор бетіне шыққан болатын. Сол кезде, толқып тұрған спортшының “сен үшін алдым ғой” деп ағынан жарылып сөйлеп тұрған сәті таспаға басылып қалған екен. Аталған бейнероликке спортшының өзі былай деп жауап берді: “Менің сіңілім церебралды сал ауруымен ауырады. Мен оның сауығып кеткенін қалаймын және сол үшін аянбай тер төгіп жүрмін. Сіңілімді емдету үшін қомақты қаражат керек. Енді менің еншімдегі ақшаның барлығы Альфияның еміне жұмсалады. Ал, мойнымдағы медальді және Риодағы жеңісімді еліме арнаймын”.

Естеріңізге сала кетсек, Жазира Жаппарқұл 11-ші тамыз күні ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта күміс медальді иемденген еді. Жазира Қытай елінің спортшысынан жарақатына байланысты айласын асыра алмаған екен. Бұл туралы журналистер қауымына өзі айтып берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар