Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Жаппарқұл алтын алмауының себебін түсіндірді

Маған қолдау көрсеткені үшін қазақ еліне шын жүректен алғысымды білдіремін! Бүгін Алматыға оралған Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл әуежайда журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

0

Фото: 24.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстанға аман-есен келгеніме қуаныштымын. Маған ерекше қолдау көрсеткені үшін Қазақ еліне шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін! Елбасына да айтар алғысым шексіз! Бізді керемет күтіп алып жатырсыздар! Біз сіздердің қолдауларыңызды үнемі сезініп жүрдік. Рахмет! Алға Қазақстан!», – деді ол.

Сонымен қатар, Жазира енді алдағы Токио Олимпиадасында чемпион атануға күш салатындығын жеткізді. «Енді, бұл Олимпиадада алтын медальға қол жеткізуді жоспарлаған едім. Алайда, жаттығу барысында аздап қателіктер кетті. Жарақат алып қалдым. Соны емдетемін деп алтын уақытымды жоғалтып алдым. Бірақ, өзім бәрібір көңілімді түсірген жоқпын.

Риода сәл қиындау болды. Қолымнан келгенінің барлығын жасадым.  Аллаға шүкір, күміс жүлдеге қол жеткіздім. Бұған да жете алмай жатқандар бар ғой. Сол жете алмай жатқандарға осындай медальдарға жете берулеріне тіліктеспін. Қазақ елі жасасын! Енді алдағы Токио Олимпиадасына дайындаламын», – деді Жазира.

Естеріңізге сала кетелік, Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасында 69 келігі дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 (115+144) келіні көрсетіп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Жазира Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тумасы.

Айта кетелік, Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 104 спортшы 26 спорт түрінен өнер көрсетті. Қазіргі таңда қазақстандық атлеттердің қоржынында 6 спорт түрі бойынша 17 медаль бар: 3 алтын, 5 күміс және 9 қола. Осылайша, 2016 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері тәуелсіз Қазақстанда Олимпиада чемпиондарының саны 19-ға жетті.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Жаппарқұл: Алтын алмай, тұрмыс құрмаймын

Жазира Жаппарқұл орысша сұхбат беруден бас тартты (видео)

Жазира Жаппарқұл: Қазақ осы күнді армандағалы қашан?

Жазира Жаппарқұлға Рио олимпиадасына жолдама ұту жарыстың өзінен қиын болмақ

Талқылау