Жазира: Жанболат ұлымның көзінше мені құшақтап, еркелете береді

Жанболат пен Жазираның ұлы жақында ата-анасының бейнебаянына түсті. Әдетте ата-анасының шығармашылығына араласа бермейтін Қазыбекті бұл жолы Байырбекова әрең көндірген. Оның өзінде түсірілім алаңынан Жанболат екеуі кетіп қалған.

Жазира: Жанболат ұлымның көзінше мені құшақтап, еркелете береді

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Ғашықтарға сәлем” туындысы – Қазыбек Жанболатұлы түскен екінші бейнебаян. Анасының айтуына қарағанда, ұлы бала кезінде олардың бір клипінде бой көрсеткен.

“Ал осы жолы әрең дегенде көндірдік. Біз түсірілімде болған жоқпыз. Бізді бөлек түсіріп алды, оны бөлек.
Ол: – Халыққа Жанболат пен Жазираның ұлы емес, Қазыбек Қожахметов болып танылғым келеді, – дейді. Сол үшін өнерге келгенде бізден алшақ жүреді”, – дейді Жанболат пен Жазира.

Жас жігіттің ән айтатын өнері бар. Десе де, ол ата-анасының атақ-абыройын пайдаланғысы келмейді. Бұл орайда Жазира:

“Ал біз оның көзінше ән айта береміз. Жанболат мені құшақтап, еркелете береді”, – деп қалжыңдады.

“Ол қазір біздің қамқоршымыз. Жанболат екеуміздің айналамызда он шақты адам бар. Солардың басшысы, бәрін өзі реттейді. Қазір менің ағам сияқты”, – деп жалғады сөзін Жазира.

Сондай-ақ, жұлдызды жұп бейнеклипте ұлдарының ғашығын сомдаған қыздың кім екенін айтты.

“Ол дос қызы. Жанболат жүрген жерінде Қазыбекке жар таңдап жүреді. Сөйтсе “Музарт” тобының директоры Ерлан Жүнісбай айтады, осы сен Қазыбекті сылтауратып, өзіңе қарап жүрген сияқтысын деп”, – дейді Байырбекова күліп.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр