Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира: Жанболат маған сүйем-күйем деп ұсыныс жасаған емес

Жанболат пен Жазира қалай көңіл жарастырғандарын айтып берді. Бір жерде жоғары білім алған студенттер бір-біріне сырттай ғашық болған,-деп жазды Stan.kz.

«Жанболат маған ешқашан сүйем-күйем, бірге болайық деген сияқты ұсыныс жасаған емес. Тек қоғамдық көлікке мінсем қасымда Жанболат басқа жаққа қарап тұрады. Тағы сол сияқты қайда жүрсем де жанымда Жанболатты көріп қалатынмын.  Не деген кездейсоқтық деп жүретінмін. Сондай сәттерде Абай даңғылы бойындағы неке қию сарайының алдынан өтіп жатқан кезде «Осы жерден түсіп қалайық, алдағы уақытта бәрібір осы жерге келеміз ғой» деген сынды қалжыңдарын айтатын. Жатақханадағы  бөлмеме келіп «Анам сен сияқты келіні болғанын қалайды» деген сынды әзілдерін айтатын»,-дейді Жазира.

Ал Жанболат болса жалғыз ұлын үйлендіріп, немере сүйгісі келетінін айтып қалды.

«Әрине ұлым бүгін үйленсе де қуаныштымын. Ақылды, білімді, тәрбиелі қыз болса екен»,-дейді Жанболат.

Ал Жазираның ойы басқада.

«Келінім өзінен бұрын өмірлік жарын сыйлайтын жан болса екен деймін. Ұлымды сүйюі міндетті»,-дейді Жазира.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Айдана Меденованың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Арман мен Аша қыздары Асылымның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі ғашығымен ара-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді

 

 

Талқылау