Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Күні кеше Данияр Маратұлы төрт бірдей мүгедекті жалғыз өзі асырап отырғанын айтып көмек сұраған-ды. Оның бұл сөздеріне елең еткендердің бірі Жазира Байырбекова болды. Әнші жігіттің үйіне барып, мүгедек жандардың жағдайын өз көзімен көріп қайтты.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Данияр Маратұлы отандық басылымдар арқылы өзіне көмек сұраған-ды. Ол анасы мен інісін, екі мүгедек қарындасын өзі асырап жүр екен. Бұл хабарға елең еткендердің алғашқысы Жазира Байырбекова болды.

Әнші жігіттің үйіне барып, мән-жайды өз көзімен көруге, барлығын қыздардың өздерінен сұрап білуге тырысады. Алайда Жазираның сұрақтары жігіттің намысына тисе керек, бірден суық жауап қайырады. Мұны әншінің өзі де растап отыр.

“Мүгедек қыздарға қарап отырған ағасына менің қойған сұрақтарым ұнамады”, – дейді ол.

Десе де, әншінің көңілі босап, қолынан келсе көмегін аяп қалмайтынын айтып отыр. Ал мүгедек жандардың жағдайын төмендегі видеодан көруге болады.

Мүгедек қыздарға қарап отырған ағасына менің қойған сұрақтарым ұнамады…

Видео опубликовано Жанболат – Жазира (@zhanbolatzhazira)

Жігіттің анасына бауыр циррозы, қант диабеті деген диагноз қойылған. Өздігінен жүре алмайтын көрінеді. Қарындастары Дана мен Дина 1-топтағы мүгедектер. Екеуі де өздіктерінен қозғала алмайды. Дана жиырма алтыда, ал Дина жиырма бірде.

Бойжеткендер айналада не болып жатқанын түсінсе де, психикалық тұрғыдан қатты шаршағандары байқалады. Ал басы ауыратын Дамир бірнеше мәрте күре тамырын кеспекші болыпты. Бұл әрекетінен ешнәрсе шықпаған соң көпірден секірген. Аяғы сынған соң төсек тартып қалған.

Жігітке көмектесемін деушілер оған қоңырау шалып, арнайы шотына ақша аудара алады.

Губайдуллин Данияр Маратович
22.11.1985 ж.
Казком карточка
KZ909 260 01P N02 007 091
Картаның нөмері: 4177 7900 2070 6508
Мекенжай: Алматы қаласы, 2 шағынаудан, Қуанышбаев 29/36, (Өтеген батыр көшесінің қиылысы), 29 үй, 36 пәтер. Телефон нөмірі: 87073916454


Жіберіп алмаңыздар:

Жазира: Халық атынан қарыз алып, жағдайын жасайтын басшыларға қызығамын

Әнші Жазира Байырбекова азық-түлікті “Алтын Орда” базарынан алатынын айтты

Жанболат: Жазира келінімізді құтыртып жіберетін шығар

Жазира: Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қалады

“Балық баланы” бүгінде дәстүрлі емес медицинамен емдеуде

Талқылау