Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Қошанова малайзиялық әншінің арбауына түсті

Әнші Жазира Қошановадан шетелдік өнерпаз 2000 доллар талап етіп отыр. Жазираның айтуынша, Гелин есімді малайзиялық әнші уәдесінде тұрмапты. Бұл жайында әншінің өзі Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Жазира Қошанова малайзиялық әншінің арбауына түсті

Жазираға малайзиялық өнерпаздың репертуарындағы «Жауапсыз махаббат» атты әні қатты ұнап қалыпты. Кейін аудармашылар арқылы шетелдік әншіге хат жолдап әнді өзі орындағысы келетінін айтыпты. Алғашында екі тарап та «бартер» есебінде репертуарындағы бір-бір әнді сыйға тартуға өзара келіскен екен.

«Өзімның ән қоржынымдағы «Тек саған» атты әнімді оған сыйладым. Шетелдік әншінің «Жауапсыз махаббат» деген әніне қазақша сөз жаздыртып, әуенін де өңдеп қойған болатынмын. Жақында әншінің көмекшілері телефон шалып, әнге 2000 АҚШ долларын талап ететіндерін жеткізді. Егер ақша төлемесең әнді орындамайсың деді», – дейді әнші Жазира Қошанова.

Көңіліне қатты ұнап қалған әнді Жазира жайдан-жай бере салғысы жоқ. Сондықтан, қазір бар тапқан қаржысын жинап әншіден «Жауапсыз махаббатты» сатып алмақ ниетте екен. Оған қоса, Жазира Корея еліне модель ретінде өнер көрсетуге қызу дайындалып жатқанын жеткізді. Ол жақта модельдерге талап қатал көрінеді.

«Қазір 4 келі салмақ тастадым. Диета ұстап, спортпен айналысып жатырмын», – деп ағынан жарылды әнші.

Жазира Корея елінің беделді сән агенттігімен келісім-шарт жасасып қойған. Енді сол шарттағы талаптарды орындап жатыр.

 

 

Талқылау