Жазира: Үйге келіп алып қатты жыладым

Әнші Жазира Байырбекова халықтың қошеметіне бөленген сәтте қатты толқығанын айтты.

“Халықтың ортасына түскенде xалық мені құшақтап, сүйіп, қолымнан алып, шын жүректерімен жылы лебіздерін айтып, қатты қошеметтеген күні үйге келіп көзіме жас алдым. Мені соншама xалық жақсы көретіндей мен не істедім.Аллам маған осындай бақ берді мен оны бағалай алып жүрмін бе? Неге мен жалқаумын.Осы қошеметке лайықты болу үшін тағы не істеуім керек деген ойлар мені мазалады.

“Әр нәрсені жүрегіңмен қабылдай берме, жеңіл қара. Сен салт дәстүрімізге үлес қосып, әріптес қыздарға (қыз ұзату,тұсау кесу әндерін бастап) жол көрсеттің. Олар саған алғыс айтып жүр. Қаншама сәбилер сенің әндеріңмен ұйықтайды. Қалай ештеңе істемедім дейсің”-деп жұбатты мені Жанболат.

Әр нәрсені терең ойлана берсең де қиын екен. Бұл жағынан әпкең Лаззаттан үлгі ал. Сондай көңілді жүр, жеңіл қабылда дейді. Туған әпкем Лаззат екеуміздің екі түрлі болғанымыздың да бір жақсылығы бар шығар.Бір-бірімізден үлгі алып жүреміз”, – дейді әнші.

Желі қолданушылары арасында әншіден тегін концерт беріп, ел аралауды өтінгендер бар.

“Халық одан да жақсы көрсін десеңіз тойлар мен үлкен сахналарда ғана ән айтпай елді аралап анда санда тегін концерт беріп тұрсаң өте тамаша болар еді. Алыс аудандарда сізді білмейтін, көрмеген қанша халық бар. Батаменен ел көгереді , жаңбырменен жер көгереді”, – деп жазды желі қолданушысы.

“Сіздің дауысыңыз да, əндеріңіз де керемет. Сізге рахмет, Алланың нұры жаусын. Халыққа кызмет көрсете беріңіз. Қаншама балапандар сіздің сыңғырлаған дауысыңызды естіп тәтті ұйқыға кетеді”, – деп жазды өзгелері.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты  t.me/kzshow  арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар