Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира емдік қасиеті үшін мысық асырағанына өкінді

Жазира Байырбекова үйінде емдік қасиеті үшін мысық асырағанына өкінді. Ол оның сыртта тышқан аулап жүргенін көріп, үйде таза тамақ беріп отырғанына өкінген.

image

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірінде Жазира Байырбекова жаңа үйі мен сүйікті мысығын көрсетіп мақтанған болатын. Ол аталған жануарды емдік қасиеті үшін асырап жүр екен. Күнде бетінен иіскетіп, түнде қойнына алып жататын көрінеді. Алайда әнші оның сыртта тышқан аулап жүргенін көріп қалған. Ол өзі ұсынған тамақтың түр-түрін жей тұра, тышқан аулаған мысығынан көңілі қалған.

“Мысықтың емдік қасиеті бар дегенді естіп асырағанбыз. Тек таза тамақ беріп, үйден сырқа шығармайтынбыз. Күнде келіп менін бетімнен иіскелеп, қасымда жатып ұйықтайтын еді. Бүгін мынандай ісін көріп, енді қасыма жолатқым келмей қалды.

Мысықты ешкім үйретпесе де, мысықтығын жасайды екен. Жарайды бұл мысық қой.  Ең бастысы, бауыр басып қалған адамнан көңіліміз қалмасын”, – дейді Жазира Байырбекова.

Әншінің екіұшты ой салатын жазбасы жалғыз бұл емес. Ол осы уақытқа дейін сыпайылық үшін жасандылық танытудан шаршағанын айтқан болатын. Десе де, оның кімге ренжіп, кімге жасандылық танытып жүргені белгісіз.

“Шаршап тұрған кезде әңгімесін айтқан адамның сөздерін тыңдау қиын, иә?! Оқиғасы қызық болса, жымиюың керек. Көпшіліктің ортасында жүрген соң сондай сәттер жиі болады”, – дейді ол.

Желі қолданушылары да өздерінде осындай сәттердің жиі болатынын айтып, оқиғаларын бөлісті.


Жіберіп алмаңыз:

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Жазира: Халық атынан қарыз алып, жағдайын жасайтын басшыларға қызығамын

Жанболат: Жазира келінімізді құтыртып жіберетін шығар

Талқылау