Жазира Байырбекова туған ағасын не үшін ренжітіп алғанын түсіндірді

Әнші Жазира Байырбекова  мен оның туған ағасы арасындағы реніш көпшіліктің назарын аударған мәселе болды.

Бұл туралы әнші Stan.kz сайтына сұхбат берді.

Сазгер Байырбеков қазірге дейін туған қарындасына өкпелі екенін, ал Жазира болса туған-туыс екен деп жалған сөйлемей, шындықтың жағында екенін айтады.

«Менің ағама еш ренішім жоқ. Ол кісі өкпелеп жүргенін білемін. Мәселе былай болды, Ербол бұрындары бір әуен жазыпты. Оны сол кезде ешкім орындамаған.

Оның ән жазуына  танымал ақынның ұсынысы себеп болған. Ақын ағама әннің сөзін де ұстатыпты. Ән жазылады, орындаушы болмай сол бойы ол туынды ұмыт қалады. Жақында Ғазизхан Шекербек сол сөзге аздап өзгешелеу етіп ән жазыпты.

Енді сол туындыны менің ағам Ербол «менікі ұрланды» деп отыр. Мен осы жеоде ағамдыкі дұрыс емес екенін айттым. Ол соған «Бауырым бола тұра мені қолдамадың деп ренжіді. Ол қолдайтын дүние емес. Мен ешкімнің де сөзін сөйлемеймін. Шындықтың жағындамын»,-дейді әншіЖазира Байырбекова.

Есте болсаәншінің сазгер ағасы өз ренішінің себебін түсіндіріп айтқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде тұрғындар жүйке ауруына шалдыққандармен бір емханада емделуге қарсы шықты

Таразда 3 400 теңге үшін дәмханада болған атысқа қатысты жаңа дерек шықты

Депутаттар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатуға қарсы шықты

Мәжіліс депутаты жекешелендіруге қатысты: Бұл не мазақ?

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар