Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Бибігүл Төлегенованың сынынан кейін отандық эстрада жұлдыздары Димаш пен Қайрат туралы ойларын айта бастады.

17818952_203783523445160_2081178887777157120_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәселен, әнші Жазира Байырбекова Қайратқа Димаштай, ал Димашқа Қайраттай болу міндетті емес екенін айтты. Дәл осындай пікірді бұған дейін Гүлзира Айдарбекова мен Бағым Мұхитденова айтқан еді.

Жазира Байырбекова Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғандарға ренжіп қалды. Бұл туралы ойымен ол желідегі парақшасында бөлісті.

«Неге осы біреуді мақтау керек болса, біреуді жамандауға жанымыз құмар, а?! Қанша жылдан бері еңбектеніп, көпшіліктің сүйіктісіне айналып келе жатқан Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?! Қайратқа Димаштай болу, Димашқа Қайраттай болу міндетті емес. Әр әншінің өз стилі, өз жолы бар.

Эстрада әншісі, классикалық әнші, дәстүрлі әнші, джаз әншісі сияқты әншілер түр-түрге бөлінеді. Музыкалық аспаптар сияқты әр әншіден әртүрлі үн тыңдауға болады.

“Қобыздың үні ұнап тұр” деп домбыраны лақтырып сындырып тастауға дайынбыз ау… Димашқа да оның өнердегі ағасы Қайратқа да шығармашылық табыстар тілейік!» – дейді Жанболаттың Жазирасы.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді

Айдана Меденова екінші рет ана атанды

Францияда Димаштың 95 жастағы жанкүйері бар

 

Талқылау