Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова гитарамен анасына ән арнады (видео)

Жуырда Жазира кілемді қолмен жуып жұртты қайран қалдырған болатын. Бұл жолы әнші басына ақ орамалын тағып, анасына гитарамен ән арнады.

image

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жанболат пен Жазира өздеріне ән ұсынатын авторлардың көп екенін айтып мақтанған-ды. Бүгін міне өздеріне тағы бір жаңа ән ұсынылғанын тілге тиек етіп, оны гитарамен орындап көрді.

“Жан жарыма” атты әніміздің авторлары Жанар Қожағазина мен Гүлзина Нұрманова “Анашым” атты ән ұсынды. Өзіме сіңіріп алу үшін дайындық жүргізіп жатырмын”, – дейді Жазира Байырбекова. Мұны жанындағы апа-әпкелері өтінген екен.

Аталған ән әншінің тыңдармандарының көңілінен шықты. Олар оң бағасын беріп, сахнаға гитарамен ән айтып шығуға кеңес берді. Мұнымен қатар, жұлдызды жасанды кірпіктері мен бетіндегі бояуы үшін сынағандар да болды.

“Жазира, тамаша орындап шықтыңыз! Сөзім жоқ!”, “Ән керемет екен. Бірақ неге әншінің бәрі жасанды қуыршақ секілді болып кеткен. Қас-кірпіктің бәрін қолдан жасап алыпсыз”, “Қасыңызды өзгертіпсіз, бұрынғысы әдемірек еді” дейді олар. Араларында “Қасын жасатса несі бар. Өз табиғи әдемілігіне титтей де кедергісі жоқ” де п жазғандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Талқылау