Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Бойшаң қыздармен қатар тұруға ұяламын

Жазира Байырбекова алғаш рет бойындағы кемшіліктері туралы айтып берді. Ол тек бойынан ғана емес, иығын ашып жүруге де ұялады екен.

16583775_357282194665183_1353502717917528064_n

Фото: instagram.com/zhazira.bayirbekova/

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Менің бойым кішкентай. Қазір – 152 см. Бойшаң, әдемі қыздармен қатар тұруға ұяламын. Бірақ жаныма қатты батады деп айта алмаймын. Қазір 16-20 сантиметрлік биік өкшелер бар. Солармен бірге ұзын көйлек киемін. Яғни сахнада бойымның қысқа екенін ешкім аңғармайды. Айналамдағы адамдар осы қысқа бойыммен-ақ жақсы көріп жатады”, – дейді әнші.

Көпшілік Жазира ханымды алғаш көрген кезде бойының қысқалығына қатты таң қалады екен. Артынша артықшылықтарын тіл тиек етіп, қошемет сөздер айтуға кірісетін көрінеді. Мұнымен қатар, әнші тағы да бір комплексі туралы айтып берді.

“Өмірде бірінші рет көрген адамдар “Кіп-кішкентай екенсіз ғой. Есесіне сүйкімдісіз” дейді. Бір адамға бой бермесе де, басқа нәрсе береді. Кез келген адамның бойында жақсы қасиеттер бар. Сол қасиеттерге көбірек көңіл бөліп, шүкіршілік ете білу керек деп ойлаймын. “Менде мынау болмаса, есесіне мынау бар” деген сияқты. Алайда комплексті толықтай жеңу керек деген қағидамен келісе алмаймын. Комплекс дегеніміз – ұяңдық. Ал бұл қасиет қазақ қыздарының бойында болуы керек. Біздің қыздарымыз осы қасиетінің арқасында-ақ әдемі көрінеді. Иық тұсы ашық тұратын көйлек киюге ұяламын. Бұдан да үлкен қолымен жеңі шолақ киіп жүретін қыз-келіншектерге қатты таң қаламын”, – дейді әнші.

“Астана аруы-2016” байқауының жеңімпазы Елназ Нұрсейітованың да комплекстері бар екен. Ол бір кездері бойшаң болғаны үшін қатты ұялған.

“Бұрын-соңды бойым кіші болса, бақытты болып кетемін деп ойлайтынмын. Кейін бойы ұзын адамдардың барлығын жоғарыдан бақылай алатынын байқадым. Мұның да бір жақсы жері бар сияқты. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде көзілдірік тақтым. Бірінші рет киіп келгенімде “Елназ, сен көзілдірік тағасың ба?”, “Көзің көрмей ме?”, “Нағыз төрт көз екенсің ғой” деп мазақтаған. Басында ренжідім. Көзілдірік тақпайын десем, көзім көрмейді. Сол себепті олардың сөзіне мән бермейтін болдым. Қазір линзамен жүремін. Ота жасатпадым. Бірақ линза көзді ауыртады. Мұнымен қатар, иығымның кең болғаны үшін ұяламын. Жоғарғы жағы ашық тұратын киім кие алмаймын”, – дейді ару.


Жіберіп алмаңыз:

Салмақ қоса алмай жүрген қазақ қызы мамандардан көмек сұрады

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

Талқылау