Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Бір кісі біздің өмірімізден кино жасағысы келіп жүр

Соңғы кездері әншілердің кино түсіруі қалыпты жағдайға айналып барады. Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі, Сиви Махмуди, Бүркіт сынды өнерпаздар кинематография саласына бет бұрып, тырнақалды туындыларын халыққа ұсынып үлгерді. Кино түсіруді өзге әншілер де ойға алып жүр, деп жазады Stan.kz.

Жанболат пен Жазира

Мәселен, Абай Бегей алдағы 1-2 жылдың ішінде фильм түсіруі мүмкін екенін айтқан еді. Сол сияқты 4 жыл ел көзінен жырақта болған Қайрат Түнтеков те өзінің биографиясын фильмге арқау етпек. Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның кино түсіретін ойы жоқ. Әйткенмен, әлдебіреулер халықтың сұранысына ие әншілерді пайдаланып, табыс табуды көздеп отырған көрінеді. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Біздің кино түсіретін ойымыз жоқ. Бірақ бір адамдар, атын айтпай-ақ қояйын, біздің өмірімізден кино жасағысы келіп жүр. Әлі келісім берген жоқпыз, ойланып жатырмыз. Алла қаласа, бұдан да керемет, қызықты өмір сүріп, 30 жылдан кейін түсірсек болатын шығар деп айттық.

Ол адамдар: – Қазір сіздер сұранысқа иесіздер. Халық сіздерді көргісі келеді. Сіздердің өмірбаяндарыңыз қызық. Кино етіп шығарайықшы, – деп қолқа салып жүр. Білмеймін, әлі ерте сияқты”, – дейді Жазира Байырбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау