Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазғы универсиада 2017-ден Қазақстан еншісінде – 16 медаль

30 тамыз күні Қытайдың Тайбэй қаласында 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындары аяқталады. Осыған дейінгі ойындар бойынша Қазақстан құрамасына нәтижелерді қазірдің өзінде шығара беруге болады, деп жазды Stan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

спорт

Жарыстың соңғы күнінде медальдардың бір ғана жиынтығы сарапқа салынады. Медальдар үшін су полосында ерлер командалары таласатын болады.Ал Қазақстан спорттың бұл түріне қатыспайды.

Осылайша, Қазақстан 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарында 16 медаль жеңіп алды, олардың 3-еуі – алтын, 6-  күміс, 7 – қола. «Алтынды» ауыр атлеттеріміз Альберт Линдер (69 келіге дейін), Айдар Қазов (77 келі) пен Денис Ұланов (85 келі) алып келді.

Күміс жүлдегерлер – жүзуден Дмитрий Баландин (200 метрге брасс әдісімен жүзуден), таэквондошы Жансель Дениз  (73 келі), ауыр атлеттер Рүстем Сыбай (94 келі) мен Карина Горичева (69 келі), жеңіл атлет Сергей Григорьев (сырықпен секіру) пен у-шу шебері Руслан Либиров (70 келі).

«Қоланы» дзюдошылар Рустам Ибраев (60 келі), Бекәділ Шәймерденов (73 келі) пен Отгонцецэг Галбадрах (48 келі), жүзуден Дмитрий Баландин (брасс әдісімен 100 метрге жүзу), Қазақстанның таэквондодан ерлер командасы, жеңіл атлет Арли Чонтей (56 келі) мен у-шу шебері Бағдат Кенжетаев (80 келі) иеленді.

Оқи отырыңыз:

“Челси” футболшылары қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті (фото, видео)

Таразда сал ауруына шалдыққан балалар футболшыларға тосынсый жасады

Арман Әшімов: Жеңілмеген спортшыны нокаутқа түсірген кезде үш мың адам қоңырау шалды

Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады

 

 

 

Талқылау