Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазға бес күн қалғанда: Ақмола облысында қар жауды (видео)

Ақмола облысына қарасты Атбасар аймағында қар жауды. Жазға небәрі 5 күн қалғанда табиғаттың тосын сыйына тап болған жергілікті тұрғындар таңғалып, ақ ұлпа қар басқан мекеннің суреттерін желіде жариялауда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жазға бес күн қалғанда: Ақмола облысында қар жауды (видео)

Атбасардағы қар жексенбі күні, яғни бүгін таңертең жауған. Синопиктердің мәліметіне сүйенсек, 27 мамырға қараған түні өңірдегі ауа температурасы төмендеген. Таңғы сағат 6 шамасында ауа температурасы 0 градусқа жеткен. Артынша қар жауған.

Жергілікті тұрғындар мамырда жауған қардың суреттерін әлеуметтік желі арқылы таратуда. Ал Атбасардағы ауа температурасы түс ауа 3-4 градусқа дейін ғана жылыпты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, аймақтағы ауа температурасы 7 градусқа дейін жетеді. Ал дүйсенбі күні 19 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Бурабай мен Щучинск аймақтарында бүгін қар жауған.

“Көлікті тазалап, қолғап іздейтін кез келді. Бүгін “Реал” жеңіске жетті, ал бізде қар”, – деп бөлісті Щучинск қаласының тұрғыны.

“Мына жерде жаз туралы сөз қозғаудың өзі артық, ең болмағанда қашан көктем келер екен”, – деп пікір білдірді тағы бір видео авторы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау