Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазасын өтеуші жігіт “Перископтың” тікелей эфиріне шығып түрме қызықтарын баяндады (видео)

Ресейде 21 жастағы Михаил өзі жазасын өтеп жатқан түрмеден “Перископ” арқылы тікелей эфирге шыққан. Ол бірнеше күн бұрын ғана транслияция жасағанына қарамастан бірден танымал болып шыға келді.

645

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Түрмедегі жағдайдың көпшілікті қызықтыратыны соншалық, Михаилға әртүрлі мәндегі сұрақтар қарша бораған. Тікелей эфирде жігіт өзі туралы ғана емес, темір тордағы жалпы өмір туралы да айтып береді.

Бастапқыда Михаил эфирге өзі шыққанымен, кейін оған Виктор қосылды. Екіншісі, адам өлтіргені үшін бостандығынан айырылған екен.

Өздерін балалар лагерінде тұрамыз деп әзілдеген олар, қасындағы достарының есімдерін еркелетіп атайтын көрінеді. Жігіттер тіпті қыздарға сәлем жолдап, оларды кездесуге де шақырды.

“Кастинг өткізу керек болды енді. Маған кездесуге келетін ең үздік сұлуға кастинг жариялаймын. Ол түрмедегі жағдайдың бәрімен еркін таныса алады”, – дейді Михаил.

Заң бойынша түрмеде мобилді телефон қолдануға тыйым салынған. Сол себепті Михаил нақты қай түрме екенін жасырған. Ол түзеу мекемесінің қызметкерлерінің бірі көріп қойса, ұялы телефонды тартып алады деп қорқады.

Оқи отырыңыз:

7 жасар қырғыз баласы апаттан қаза болған отбасын соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Аса ауыр салмақтағы балерина желінің жұлдызына айналды (фото, видео)

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Талқылау