Жайылған шаштың маңында періште жүрмейді

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 16:38

Қазақтың əрбір отбасында қыз баланың тəрбиесі назардан тыс қалған емес. Оның өзіндік жүріс-тұрысы, сөйлеу мəнері, киіну, шаш жинау əдебі болған. Əсіресе, бойжеткеннің бұрымына ерекше мəн берген. «Қыздың көркі – бұрымында» деген де осыдан туса керек.

2fons.ru-59485
Бұл туралы Ақмешіт апталығы газеті хабарлайды.

Менің жақын құрбым бар. Бұрымы белінен түседі. Қолаңшашты қайынсіңлім бар. Қарасаң, қызығасың. Екеуіне де сəн беріп тұрған ұзын шаштары. Бірақ, құрбым үнемі шашын жайып жүреді. Орысша сауат ашқаны болмаса қазақ қызы ғой. Дəстүрден де алшақ емес. Ұлтымыздың ырым- тыйымдарын да жақсы біледі. Десе де, осы мəселеге келгенде ешкімді тыңдамайды. Бірге тамақтануға барсаң шашы алдына түсіп, əуелі өзінің мазасы қашады. Оған қоса жанындағы адамның киіміне жабысады.

Осылайша, сырт көзге сүйкімі қашып, əуреге түсіп жүргені. Ал, студент қайынсіңлім қашан көрсең де небір үлгідегі сəнмен шашын өріп қояды. Əрі жинақы əрі əдемі көрінеді. Оның шаш өру мəнерін ұстанатыны қуантады. Нағыз еліктегіш жасында батыстың бағытымен кетпей, қазақы қалпын сақтағаны үйдегі тəрбиеден болар, сірə! Бүгінде нəзік жандылардың мұнысы сəнге айналған. Құлақ пен мұрынды тесіп, шашты жайған мұндай сұлулық қайда барып тоқтар екен дейміз кейде? Кезінде əжеміз бос жіберген шашты жақтырмаушы еді. Өздері орамалын алдына жайып, шашын соның үстіне тарайтын. Түскенін ширатып, сонымен төбесіне орап қоятын.

Оны «Далаға тастама, жерге түсірме» дейтін. Олай еткен жағдайда шаш иесі ауруға ұшырайды деп ырымдайтын. Елінен, жарынан айырылған əйелдер шашын жайып, жоқтау айтқан. Іштегі зарын шығарған. Қазақта бұл əдетті жаман ырымға балаудың бір себебі осы. Тəуке ханның тұсындағы «Жеті жарғы» заңында оған байланысты арнайы бап болған деседі. Бұл заңды бұзғандарға лайықты үкім шығарған. Əйелдің шашы оның бір мүшесі ретінде саналған. Біреу оның шашын кесетін болса, оған ауыр жаза қолданған немесе көлемді айыппұл төлеткен екен. Ал, əйел адам қылмыс жасағанда ең ауыр жаза ретінде шашын кескен. Мұндай жаза түрі өліммен тең саналған. Қазақ қызының əрқашан шашын өріп жүрген.

Қос бұрымына шашпау тағып сəндейтіні баршаға белгілі. Көрер көзге көңілді ойды қонақ еткізетін бұл көріністер талай ақынның жырына арқау болды. Жан сұлулығы мен тəн сұлулығын ұштастыра білген қазақ қызы қашанда əдеміліктің символы іспеттес. Тек, қазіргі уақытта сол бір биязылық пен сұлулықтың қадірін қашырып алған секілдіміз. Батыстың бейəдеп мəдениетін бойға сіңірген жастардың көбі оны өзінше əдемі санайды. Шындығында аруларды жинақылық пен биязылық қана тартымды көрсетеді. Десе де, қыз тəрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайтын халықтың ұрпағы бүгінде оны да əлсіретіп алғандай. Əйтпесе, əкенің көзқарасынан, ананың қабағынан жасқанатын қыз баласы бұлай жүрмес еді. Бойжеткеннің тəрбиесінде ата-анасының дұрыс бағыт беруі маңыздырақ. Əрине, жастар еліктегіш келеді.

Сəн қуып, заман үлгісімен жүруі заңдылық болар. Алайда, осы мəселеде аналардың өзінің сəн қууы озып тұр. Анасына қарап бой түзейтін қыздан гөрі, қызына қарап бой түзегендер қатары артуда. Бүтін ұлттың ұйытқысы болар қаракөздердің мұндай беталды бетбұрысы көңілге қаяу түсіреді. Қалай десекте, өткен мен бүгінді сабақтастыра білгеніміз дұрыс шығар. Осындай кезде «Дəстүрдің де озығы бар, тозығы бар» дейтін оларға «сəннің де естісі бар, есері бар» дегіміз келеді. Көнекөз қариялар мұндай мəселені əрдайым еске салып отыратын. Желкілдеп өскен қыз баласына ша- шын жаймауға кеңес беретін. Ол əлі күнге дейін жадымызда сақталып келеді. Əжелеріміз «Жайылған шаштың маңында періште жүрмейді» деуші еді. Сан ғасырдан бері санамызда сақталған осы бір жайдың өзі көп мəселені аңғартып тұр. Ойланып көріңіз.

Айдана Сейіл

Жіберіп алмаңыз:

63 жыл түрмеде отырған тұтқын бостандыққа шығудан бас тартты

Алматыда таксиші талмасы ұстап құлап қалған жолаушы әйелді зорлап тастаған

Ботқаны дұрыс дайындай білесіз бе?

Руслан Күлекбаев өлім жазасын естіген сәтте күліп тұрды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар