Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жайшылықта көрінбейді”: Шымкенттік әйел жұдырығында Алла деген жазу пайда болатынын айтты

Шымкент қаласында тұрып жатқан Гүлдана Бекежанқызын көпшілік «Алақанында шипа бар ару» деп атайды екен. Себебі ол адамдарға массаж жасап, сол арқылы бойын жеңілдететін көрінеді. Ал әйелдің өзі адамдарға ем жасаған кезде жұдырығында Алла деген жазу пайда болатынын айтады.

"Жай кезде пайда болмайды": Шымкенттік әйел жұдырығында Алла деген жазу пайда болатынын айтты

Бұл туралы «Замана» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Гүлдана Бекежанқызының емін алған адамдар оның қолында ерекше жылу бар екенін айтады. Ол адамдарға массаж жасаған кезде денесі жеңілдеп қалады екен. Десе де ол өзінің негізі мамандығы басқа екенін жасырмайды. Алайда қолынан ем іздеп келетіндер көбейгендіктен, массаждың түрлерін меңгеріпті.

«Мен негізі мүлде басқа мамандық таңдаған жанмын. Бірақ тағдыр айналдырып әкеліп, осы жұмысқа жегіп қоя береді. Өзім де мазасы болмай тұрған адамға массаж жасасам жеңілдеп қаламын. Бала кезде: «Сенің қо­лың тисе жеңілдеп қалады, арқамды сипап берші», – деп апалар жиі өтініш айтатын. Ол кезде массаждың қыр-сырын білмей­мін, тез-тез сылап-сипап қоя салайын десем алақандарым қы­зып, тоқтай алмай қалатынмын. Ақыры менің мамандығым осы екенін мойындап, массаждың бірнеше түрін меңгеріп алдым», – дейді Гүлдана Бекежанқызы.

Бүгінде массаж жасаумен айналысып жүрген әйелдің сөзінше, ауырған адамға ем жасаған кезде қолында Алла деген жазу пайда болады. Мұндай жазу жай кездерде көрінбейді екен.

«Сондай жазу бары рас. Ол жайшылықта көрінбейді. Массаж кезінде біреудің сегізкөзі, енді біреудің жауырын тұсына барғанда қолымды қозғалта алмай, сол жерде біраз тұрып қаламын. Кейін білдім ғой, келушінің тап сол жері мазалап тұрады екен. Алақандағы қызу сол жерге көбірек жіберіледі. Келушіге де, маған да керегі осы. Бұл кезде мен дереу емдік массаж түріне ауысамын. Ол остеохондроз, денеге жиналған тұз, омыртқа дискілерінің қажалуы, омыртқаның қисаюы, құяң, сегізкөз тұсының ауруында пайдалы. Бұл­шық еттердің тартылып, сыздауы, бастың үздіксіз ауыруы, бас сақинасында да массаждың емдік түрін жасаған дұрыс. Ол адамға ем жүре бастағанда сол қолымның жұдырық тұсындағы тамырлар білеуле­ніп, Алла деген жазуға ұқсап кетеді. Уақыт өте тамырлар қайтадан қалпына келеді», – дейді ол.

Өз сөзінде Гүлдана Бекежанқызы массажға бала күнінен құмар екенін айтты. Десе де Алла жазуының жұдырығымда қашаннан бері пайда болғанын білмеймін дейді. Ол мұндай жазуды ем жасап жатқан кезінде кездейсоқ байқаған екен. Әзірге әйел үшін бұл тылсымның жауабы белгісіз боп отыр.

Еске сала кетсек, Қызылордада имамдар науқастанған бойжеткенге дем салғаннан кейін денесінде арабша жазу пайда болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау