Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайдарманшы “Назар аудардың” жігіттері: Көп әйел алу ойда бар 

Жайдарман арқылы танылып, бүгінде жеке театр болып құрылған “Назар аудардың” жігіттері шығармашылығы мен жеке өмірі жайлы айтты. Өнерге қалай келгенін, нендей жоспары барын айтты.

Бұл туралы әзілкештер “The Эфир” бағдарламасында айтты.

Әзілкештер арасында топбасшы Ғазир Ерболат қана әскерде борышын өтеген. Отан алдындағы міндетін атқарған соң өнерге келген.

Театр мүшесі Азамат командада Ғазиз бен Ақболаттың рөлі жоғары екенін айтады.

“Ғазиз біздің оң жақтан шабуылдаушымыз болса, Ақболат сол жақтан шабуылдаушы. Екеуінің рөлі ерекше екенін, екеуінсіз қызықсыз болатынын мойындаймыз. Сондықтан біз екеуін алға шығарып, өзіміз арт жақтан қолдап отырамыз”, – дейді Азамат.

Жігіттер өзара түсінбестік болып қалатынын, бірақ тез тіл табысып бірлесе жұмыс істеп кететінін айтты. Әсіресе, араларында Марс пен Айтжанның сөзге келмей қалатын кезі жиі болатын көрінеді.

“Қазір көрермен ұзақ күте алмайды 15 минутта бір әзіл ешкімге өтпейді. Әр 15 секунд сайын әзіл айтылып тұру керек. Кей театрларға сол нәрсе жетіспейді. Біздің ұстанымымыз – әзілдә жиі айту, арасын үзбей айту және сол арқылы бір мағыналы дүние айту. Украина саясат туралы әзілдейді. Ресей белден төмен әзілге әуес. Бізде екеуін де айта алмайды”, – дейді Ақболат.

Ол шенеунік болса, студенттерді жаппай мұражай аралатаып, рухани дамытуға ат салысатынын айтып өтті. Ал, Азамат қарттар үйі мен жетімдер үйін жабатынын алға тартты.

Әзілкештер бүгінде дін жолында жүр.

“Біз бір жағдайға ұрынып, жол апатына түсіп, содан соң тәубеге келіп, намаз оқып жүрген жоқпыз. Біз әңгімелесу барысында, ойлану барысында саналы түрде келдік”, – дедйі олар.

Бағдарламадан тыс жігіттер көп әйел алу мәселесі жайында айтты.

“Мен көп әйел алу дегенді бұрыннан қолдаймын. Әлі де қолдаймын. Әйелі күйеуінің басқа әйелдерге барып жүргенін өмір бойы білмей өтуі мүмкін, одан заңдастырғаны жақсы”, – дейді Ақболат.

Ғазиз де көп әйел алуды қолдайтынын, ол үшін әйеліңнің рұқсатын алу керек емес екенін, тіпті өзінің де көп әйел алу ойында бар екенін айтты.

“Мен де бұны қолдаймын, бірақ өзім көп әйел алмаймын. Оған жағдайым жетпейді. Ақшалай тұрғыда ғана емес, басқа жағынан да шамам жетпейді”, – деді Азамат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау