Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы тамыздың 30-ы күні «Бәйтерек» монументі қасында жол апатына түсті, – деп хабарлайды Today.kz.

84220950-a7ce-4882-9cfb-d24c5b203744

18 жастағы Айдана Көпбосынова  Land Rover Discovery 4 көлігімен келе жатып, 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиев деген жігітті қағып кеткен. Зардап шеккен адамның апасы Мерей Ескендірованың айтуынша, жігіт әлі ауруханада жатыр. Оның бас сүйегі зақымданған, миы қозғалған, бірнеше жері сынған.

«Заң бойынша жауап берсін, бастысы, тергеушілер істі жауып тастамаса болды. Біз осы туралы қатты мазасызданып жүрміз. Оқиғаның жалғыз куәгері де байланысқа шықпай қойды, қоңырауға да, хабарламаға да жауап бермейді –  бұл бізді алаңдатып отыр»,- деп қосты Ескендірова.

Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева, зардап шеккен баланың отбасы кез келген көмектен бас тартып отырғанын, бірақ көмек ретінде тек ірі көлемдегі қаражатты қабылдауға дайын екенін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Семейлік жалған айтып қайтыс болған сыңарының атындағы мүлікті өзіне аударып алған

Оралда белгісіз біреулер танымал кәсіпкердің жүргізушісін тамағынан бауыздап кеткен

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Талқылау