Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жаяу” жүруден шаршаған Серік Ибрагимов троллейбус жүргізушісіне айналды

Біресе жаяу жүріп, біресе пойызға отырған Серік Ибрагимов енді троллейбус жүргізушісі болып “жұмысқа” кірді. Ол желідегі парақшасына троллейбус рөлінде отырған суретін жүктеп қойды.

ибрагимов 260417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Үнемі қалжыңдағанды ұнататын әнші бөліскен суретінің тұсына: “Еңбектің наны тәтті. Прямо по Абая”, – деп жазып қойды.

Ибрагимовтің бұл әрекеті желі оқырмандарын күлкіге қарық қылды.

Желідегілер жаңа “қызметінің” Серікке жараса кеткенін айтып жатты. Ендігілер қоғамдық көліктің ішінде адам баласы жоқ екенін алға тартып, қалжыңдады.

“Жаяу жүріп шаршап, автобусқа міндің ба?”, “Кондуктор керек па?”, “Ішінде адам жоқ қой”, “Жаяу жүруші едің ғой”, – деп жазды олар.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

Димаштың Қытайда қалатыны рас па?

Азамат Сатыбалды киноға түсу үшін 10 күн бойы тек су ішкен

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Талқылау