Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жай адам емес еді»: Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студенттің топтастары марқұм туралы айтып берді

Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып жатқан 23 жастағы Темірлан Кәрібаев жатақханада асылып қалған еді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Марқұммен бір топта оқыған студенттер ол туралы айтып берді.

Мәскеуде қазақстандық жас химик өзіне қол жұмсады: СІМ мән-жайды айтты

Сурет: Mash

Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хабарланғандай, қазақстандық студент жатақханадағы бөлмесінен өлі күйде табылған. Дәрігерлер оны құтқармақ болғанымен, бұл мүмкін болмады.

Басылым мәліметінше, Темірлан Кәрібаев ғылым саласында болашағынан жарқын үміт күттірген.
Онымен бір топта оқыған студенттің сөзінше, ЖОО-дағы оқытушылардың дені Темірлан оқуын тәмамдағаннан кейін шетелдегі ірі компанияда жұмыс істейді деп үміттенген.

Темірлан Кәрібаев оқушы кезінде химия пәнінен бірнеше олимпиадада жеңіске жеткен. Ол 2014 жылы Мәскеуге келіп, Менделеев олимпиадасында күміс жүлдені иеленіпті. Соның нәтижесінде ММУ-ға түскен.

«Темірлан жай адам емес еді. Ұрысып та қалатын, балағаттап жіберетін де. Алайда ол оқуда үздіктердің бірі болды. Оған ешкімнің шүбәсі жоқ», – дейді таныстары.

Басылым мәліметінше, жас жігіттің диплом алуына 4 ай қалған.

Айта кетсек, бүгін ҚР СІМ Темірлан Кәрібаевтың өліміне қатысты пікір білдіріп, мән-жайды айтып берді. Ведомствоның ресми өкілінің мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр