Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Жауынгерлер қызының дүниеге келгенін көре алмай, қайтыс болып кеткен әріптестерінің баласы үшін нағыз отбасы болды. Бұл қыздың әкесі Ауғанстанда қызмет барысында, НАТО жасағына шабуыл жасалған кезде қайтыс болды.

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Крис Харрис өткен жылдың тамыз айында әйелі Бриттің жүкті болғанын білгеннен кейін, бір апта өткен соң ерлікпен қаза тапты. Дегенмен, сарбаз кішкентай қызы – Кристиан Мишель Харристі көре алмай кетті.

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Крис әріптестерін әрқашан бауыры деп санаған, сондықтан қайғылы оқиғадан кейін де достары оның отбасын жалғыз қалдырмады. Әскерилер қайтыс болған достарының әйелі мен кішкентай қызына қолдау көрсетіп, олардың отбасына айналды. Кристиан әкесінің Ауғанстаннан оралған достарын алғаш рет туған күнінде көрді. Ол іс-шараның құрметіне тіпті фотосессия ұйымдастырылды.

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

«Кейде біздің жанымызды тыныштандырып, ауыртпалықты жеңілдету үшін достарымыздың сүйіспеншілі мен қолдауының өзі жеткілікті. Нағыз достың созған қолы жүрегімізге дейін жетіп, бізді сүйіспеншілік жолына бағыттайды»,-деп жазылған суретте.

20-ға тарта жауынгер әскери киіммен Кристиан үшін аспанға мерекелік оқ атты.

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Тағдыр қызға дәл марқұм әкесінікі секілді күлімсіреген жүз бен көгілдір көздерді бұйыртқан екен. Кристианның анасы енді қызы әкесі туралы бәрін білу үшін қолынан келгенін жасайтынын айтты.

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Жауынгерлер баласын көрмей қайтыс болып кеткен әріптестерінің қызы үшін отбасы болды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар