Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашын салдарынан еліміздің барлық өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашын болып, бірқатар аумақта су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz.

Болжам бойынша, жұма, сенбі және жексенбі күндері Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында жауын-шашын мен еріген қар суы су деңгейінің көтерілуіне әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар бейсенбі мен дүйсенбі аралығында Шығыс Қазақстан облысында жауын жауып, күн жылуы ықтимал. Өз кезегінде ол су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан шығуына ықпал етуі ықтимал.

23-26 наурыз аралығында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында нөсерлетуі мүмкін.

Сондай-ақ, метеорлогтар 23 наурызда Алматыда жауын-шашын болады деп күтуде.

Оқи отырыңыз:

ҰҚК банк карталарынан ақша ұрлайтын сайт пайда болғанын айтып дабыл қақты

Атырау облысында 7 жұмысшының тірідей өртеніп кетуінің себебі айтылды

Көпбалалы ана бірінші некеден туған қызын екінші күйеуі зорлағанын айтып жылады

Қостанай тұрғыны риэлторлардың кесірінен айырылып қалған пәтерін 7 жыл бойы қайтара алмай жүр

Талқылау