Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаттықтырушысы: Головкин Альвареспен айқасында Мейвезердің жасай алмағанын жасайды

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес отандасымыздың Флойд Мейвезермен айқаста басым түсетінін айтты.

20838762_1534370549982606_8362002722005712896_n

Сурет: Геннадий Головкиннің жеке парақшасынан

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Яғни ол қамқорлығындағы боксшы Сауль Альвареспен айқаста кіші Флойд Мейвезермен салыстырғанда әлдеқайда жарқын жеңіс көрсетеді деп есептейді.

“Альварестің бірер жыл бұрынғы Флойд Мейвезермен айқасқаны – оны мықты боксшы ретінде танытты. Егер Головкин 16 қыркүйек күні оны соққыға алса, әйгілі жұлдыз болары анық. Өйткені, менің ойымша, Геннадий бұл жекпе-жекте үстемдік танытып, Флойдтың жасай алмағанын жасайды. 16 қыркүйек – Головкиннің  мансабындағы шешуші күн. 16 қыркүйектен кейін де осы сөзді қайталайтындығыма үміттенемін”, – деді Санчес BoxingScene-ке берген сұхбатында.


Жіберіп алмаңыз:

Қанат Исламның қарсыласы Брэндон Кук Астанаға келді (видео)

“Челси” футболшылары қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті (фото, видео)

Таразда сал ауруына шалдыққан балалар футболшыларға тосынсый жасады

Арман Әшімов: Жеңілмеген спортшыны нокаутқа түсірген кезде үш мың адам қоңырау шалды

Талқылау