Жат ағымға кірген азамат әйеліне смс арқылы “талақ” сөзін жазып, баласымен бірге тастап кеткен

35 жастағы Гүлшат үш баланың анасы. 24 жасында жат ағымның жетегінде кеткен азаматқа тұрмысқа шығып, 7 жыл некеде болған. Алғашқы күйеуінен 2 бала тапқан.

Жат ағымға кірген азамат әйеліне смс арқылы "талақ" айтып ажырасқан

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Өмірде неше түрлі болады ғой. Ажырасамын деп ойлаған жоқпын. Ол кісі маған айтпай басқа әйелмен неке қиып алыпты. Некесін қиып қойғаннан кейін, тоқал алатынын айтты. Мен келіскен жоқпын. Бірақ ол кісі некеге тұрып қойыпты. Сол үшін үш рет “талақ” айтып, мені үйден қуып жіберді. Содан соң ухтилар (ред. дін жолындағы әпкелері) мені шақырып, екінші жолдасыммен таныстырды”, – дейді Гүлшат.

Әйелдің айтуынша, екі некенің арасында көп уақыт өтпеген. Себебі бұл ағымдағы әйелдерге жалғыз жүруге болмайды екен. Міндетті түрде тұрмыста болу керек.

Ол екінші күйеуімен үш жылдай тұрған. Бір ұлы бар Гүлшат екінші рет отбасын құруын қателікке балайды. Ал онымен ажырасу себебін Гүлшат былай түсіндірді:

“Бір сәтте жоқ болып кетеді. Қайдасың деп сұрағанда: – Сен кімсің? неге сұрайсың? – деді. Көп артық сөздері бар, тілдері басқаша бұратылып кетті. Басқа жолда екенін сездім. Өйткені бастапқы қарым-қатынасы мен кейінгісінің арасында айырмашылық бар. Кеткен күйінше телефонмен “талақ” деп үш рет смспен жазып жіберді. Сол бойы қайтып келген жоқ”, – дейді Гүлшат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр