Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жат ағымдағыларды жаппай жұмысқа тұрғызу науқаны басталды

Ақтөбеде жат ағымдағыларды жаппай жұмысқа тұрғызу науқаны басталды. Жергілікті билік дәстүрлі діннен теріс айналғандармен енді осылай күреспек. Қазірдің өзінде Ақтөбе облысы бойынша ғана мың жарым адам радикалдануға бейім мақсаттағы топтардың тізімінде тұр. Олардың бәрін жұмыспен қамтуға әкімдіктің шамасы жете ме? Және қандай жұмыс орнын ұсынбақ?

топ

Бұл туралы 31 арна жазды.

Ақтөбедегі 5 маусымдағы теракттан кейін жергілікті билік жан-жақты ойланғандай. Ақтөбедегі барлық жат ағымдағылардың бетін қайтарып, оларды жұмыспен қамтуды қолға алды. Бұл бастаманың қаншалықты нәтижелі болары әзірге белгісіз. Өйткені, дін өкілдерінің айтуынша бүгінгі күнге дейін уланған сананы бірден қалпына келтіру оңай емес.

«Теріс діни бағытта жүрген азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттің тарапынан ұсынылатын осындай көмектерден бас тартады. Осы уақытқа дейін біз оларды Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі мен жұмыспен қамту орталығына апарып, сұхбаттасып, әйел жамағаттар мен ер жамағаттармен сөйлесіп, сол жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар екенін ,сонтай тетіктердің қарастырылғанын біздің тарапымыздан айтып түсіндірдік»,-дейді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Асыланбек Тыныштықов

Ақтөбедегі дін мамандары мен теологтар дәл қазір осы шаруамен айналысуда. Тек қала емес, облыс аумағындағы аудандарға барып, теріс ағым жетегіндегілерді райынан қайтаруға тырысып жатыр. Мамандардың айтуынша оларды жұмысқа тұрғызудың өзі қиын мәселе. Өйткені олар такси қызметі, ұсталған ұялы телефондарды сату және жөндеу, құрылыс жұмыстары сияқты жеке кәсіптермен ғана айналысады. Ал әзірге жат ағымда жүрген мың жарым адамның тек 35-і ғана мамандардың келіссөз жүргізуі арқасында Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығынның тізіміне ілініп, жұмысқа орналасқан.

«Сол 35 адамның ішінде 10 адам қазіргі таңда тұрақты жұмыста, 12 адам бейресми жұмыста жүргендер, 10 адамның ішінде енді көбінесе техникалық мамандық бойынша жұмысқа орналасқан азамттар, екі әйел адам олар бала күтімінде отыр. Енді нақты жұмыс қажет ететін 4 азаматымыз бар»,-дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева.

Ақтөбедегі бұл науқан теріс ағымдағылардың санын азайтуға қаншалықты көмегін тигізері белгісіз. Анығы, жат дінге бет бұрғандарды райынан қайтару әзірге оңай болмай тұр. Оған қоса жұмыс берушілер де сақалды еркек пен бетін тұмшалаған әйелді жұмысқа қабылдағылары келмейді.

Талқылау