Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасырын бейнекамера лайнердегі жолаушылардың интимдік өмірін түсірген

Carnival Fantasy круиздік лайнерінің жолаушылары өз каютасынан жасырын камераны тауып алды. Бейнекамера олардың төсегіне қара бағытталған екен.

Жасырын бейнекамера лайнердегі жолаушылардың интимдік өмірін түсірген

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Крис және Дана Уайт есімді ерлі-зайыпты Кариб аралдарында үш күндік круизде жүрген кезде орын алған. Олардың айтуынша, бейнекамера теледидардың сымдарына жасырылыпты.

«Біздің бөлмемізде камера тұрғанын көріп, қайран қалдық. Ол жұмыс істеп тұрды. Біздің жеке өмірімізге қатысты құқығымыз бұзылды», – дейді Крис Уайт.

Carnival өкілдерінің мәлімдеуінше, бейнекамера қосылып тұрмаған. Алайда ер адам құрылғыны қолымен ұстап көрген кезде оның жылы болғанын айтты.

«Біз оқиғаны тергеп жатырмыз. Бұл ерекше жағдай болды. Бейнекамераны Уайт мырза мен ханымның бөлмесіне кімнің жасырып қойғаны әлі күнге дейін түсініксіз», – дейді Carnival өкілдері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау