Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жасың 50-ге келді ғой”: Кеудесін ашқан Баян Алагөзова қатал сынға ұшырады (фото)

Баян Алагөзова танымал отандық дизайнермен бірігіп киім шығара бастады. Күні кеше танымал продюсер алғашқы киім топтамасын Instagram-дағы оқырмандарына көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзова

Баянның жаңа образы кореялық әйелдерді еске түсіреді. Продюсердің джинсы көйлек пен қызыл етік кигенін көріп, көпшілік Алагөзованы танымай қалғандарын жазуда. Көпшілік жапондықтар киетін кимононың да сәнді продюсерге жараса кеткенін атап өткен.

Десе де, Алагөзованың кеудесі ашық суретін көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірді де қарша боратқан.

Баян Алагөзова

“50-ге келетін болдың ғой, қойсаңшы”, “Өзіңе әдемі көрінгенімен, сырт көзге өте ерсі”, “Ұят”, – деп сынады желі қолданушылары.

Баян Алагөзова

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау