Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасыл көзді әйелдерден қорқыңыздар: Тұрсынғали Алагөзов Баянға қалай ғашық болғанын айтты

Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының махаббат хикаясы іскерлік кездесуден бастау алған. Алагөзов Баянмен танысқан кезде оның кім екенін білмеген. Бұл туралы кәсіпкер талай сұхбаттарында айтып жүр.

Жасыл көзді әйелдерден қорқыңыздар: Тұрсынғали Алагөзов Баянға қалай ғашық болғанын айтты

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында Алагөзов Баянға қалай ғашық болып қалғанын әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

“Мен онымен жеке таныс болған жоқпын. Әрине, тегін бір жерден естігем. Мен оны, негізінен қаладағы жарнама банерінен көретінмін. Ол бір сусабынның ма әлде техниканың ба жарнамасы болатын. Өтіп бара жатып “неткен сұлу әйел” деп ойлап, өтіп кеткенім есімде”, – дейді Алагөзов.

Тұрсынғали Алагөзов әйелдер құқығын қорғау туралы телехикая түсірмек болған. Айтуынша, картинаға жауапты деп бекітілген мамандар оның көңілінен шықпаған. Сондықтан да ол осы салада тәжірибесі мол адаммен ақылдасуды ұйғарған. Таныстары оны Баян Мақсатқызына жөнелткен көрінеді.

“Онымен кездесетін кезде танымал екенін білдім. Бірақ ең танымал әйел екенін білмеппін. Бұл – бір. Екіншіден, менің көз алдымда ешқандай образ болған жоқ. Біз әйелдер құқығын қорғау жөнінде телехикая түсірейін деп жатқанбыз. Яғни бұл ресми кездесу болатын. Баян Мақсатқызының көзі жасыл түсті. Өзі терезенің алдына ыңғайласып отырып алған. Күн нұры оның көзіне түсіп, мен сол тұңғиыққа батып кеттім. Жасыл көзді әйелдерден қорқыңыздар”, – деп күлді Алагөзов.

Кәсіпкер мұндай жағдайға тап боламын деп ойламағанын да айта кетті.

Бұған дейін Алагөзов өзінің ұл-қызымен, сондай-ақ, Баянның қыздарымен ара-қатынасы жайлы айтып берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау